03.08.2020

Фактчек | Коронавирус пен өлім-жітім

Соңғы оқиғаларға байланысты көпшілікті тұрғындардың өлім-жітім деңгейі қандай деген сұрақ алаңдата бастады. Кейбір зерттеушілер 2019 жыл мен 2020 жылдың алғашқы үш айын салыстырып, төменде скриншоттағыдай талдау жасаған.

Об этом сообщает Устав Груп




Материалда «бәріміз коронавирус індетінің қайғылы нәтижелерін көріп, біліп отырғанымызбен өлім-жітім коэффициенті өзгермейді» делінген. Осыдан кейін егер олардың талдауы бойынша 2020 жылы бір ғана COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2019 жылдың өлім-жітім санына тең болса, басқа себептер қайда кетті деген сұрақ туындайды. Айта кетсек, материалда журналистер нақты қорытынды жасамаған.


Үкім: Манипуляция


12 ай мен 3 айдың мәліметтерін салыстыруға болмайды, өйткені өлімнің себебі әртүрлі болуы мүмкін: маусым (мысалы: емтихан кезіндегі суицид), ТЖ (пандемия), экономика (жұмыссыздық деңгейі) және тағы сол сияқты.


Шын мәнінде, жағдайды түсіну үшін материалда келтірілген мәліметтердің өзі жеткілікті. 2019 жыл мен 2020 жылда бір тәулікте қайтыс болғандар саны орташа есеппен бірдей. Ал коронавирустан болатын өлім-жітімнің орташа статистикалық көрсеткіші бір тәулікте болатын өлім-жітімнің жартысына да жетпейді-мыс.




Жоғарыдағы кестеде өлім деңгейінің шамалы ғана өзгергені көрсетілген. Қайталап айтамыз, әртүрлі кезең мәліметтерін салыстыруға болмайды. Сондықтан коронавирус пандемиясының қандай да бір ел тұрғындарының санына әсері туралы нақты қорытынды жасауға әлі ерте.


Қазақстандағы өлім-жітімнің 5 себебі:


  1. Жүректің Ишемиялық ауруы (жүрек қан-тамыр ауруы)
  2. Өкпе ауруы
  3. Инсульт
  4. Бүйрек ауруы
  5. Қант диабеті


Сол аралықта


  • Астана мен Алматыдағы жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.
  • ДСМ-нің ұсынысы бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларында құрылысы жылдам бітетін үш инфекциялық аурухана салынатын болды.
  • 4 сәуірден Шымкент қаласы да карантинге жабылады.
  • Қазақстанда індет жұқтырғандар саны – 500, олардың 35-і сауығып шықса, 4 адам өмірден өтті.
  • Әлемде 1 118 059 адам вирус жұқтырды, 59 206-ы қайтыс болып, 229 153 адам жазылды.


Источник: “https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchek-koronavirus-pen-olim-zhitim/”

Scroll to Top