05.02.2020

Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды


ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – «STOP обнал» жедел алдын алу шарасы барысында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает http://merating.com

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға шот-фактура жазумен айналысқан.

«Олар 2018-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының аумағында тоғыз мекеме құрып, заңсыз әрекеттерін іске асырған. Қылмыстық топтың жалпы айналымы 4 миллиард теңгеден асады. Қазір бұл топтың мүшелері қамауға алынды. Құжаттар, мөрлер, чек кітапшалары және 9 миллион теңге тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда», — деп хабарлады департамент мамандары.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/shygys-kazakstan-men-pavlodar-oblystarynda-zhalgan-kuzhat-zhasaumen-aynalyskan-kylmystyk-top-ustaldy_a3611462”

Scroll to Top