02.02.2020

Жамбыл облысында былтыр жемқорлыққа жол берген 90 адам жауапқа тартылды


ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында өткен жылы басшылық лауазымда болған 9 тұлға заңнамамен көзделген шектеулер негізінде өз қызметінен босады.

Об этом сообщает http://wordpressaction.com

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев айтты, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, есептік кезеңде өңірде аталған департамент сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 90 тұлғаны қылмыстық жауапқа тартқан. Келтірілген залалды өндіру бағытында оң нәтижелерге қол жеткізіліпті. Атап айтсақ, былтыр 12 айда 1,2 миллиард теңге көлемінде залал анықталса, оның 930 миллион теңгесі өндірілген.

Ол ғана емес, департамент басшысы облыстағы басшылық лауазымда болған 9 тұлға заңнамамен көзделген шектеулер негізінде өз қызметінен босағанын жеткізді.

«Өткен жылдың 12 айында 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша 26 ұсыныс берілген. Сондай ақ 2019 жылы Департамент облыстағы мекемелердің еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына байланысты мониторинг жүргізген»,-деді Әділхан Әшірбаев.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/zhambyl-oblysynda-byltyr-zhemkorlykka-zhol-bergen-90-adam-zhauapka-tartyldy_a3610158”

Scroll to Top