28.04.2020

СҚО-да шенеунік әдеп нормаларын бұзғаны үшін қатаң сөгіс алды


ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы әдеп нормаларын бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает Преступная Россия

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Әдеп бойынша кеңестің отырысы бейнеконференц-байланыс арқылы өтті.

Ведомство қызметтік тергеу жүргізіп, нәтижесінде аудандық шенеуніктің тиісті жұмыстардың толық орындалғанына көз жеткізбей атқарылған жұмыстар актісіне қол қойғандығы анықталды. Ол мердігердің 2020 жылдың мамыр айының соңына дейін жол белгілерін қою туралы кепілхатына сүйенген. Осылайша мердігерді мемлекеттік тапсырысты жауапсыз орындаушы деп тануға шара қолданбаған.

«Әдеп нормаларына сәйкес, бөлім жетекшісі мемлекеттік қызметкер ретінде адал және әділетті болып, атына кір келтірмеуі керек. Алайда істі қарау барысында, лауазымды тұлғаның Әдеп кодексінің нормаларын бұза отырып, полицияға жол белгілерінің ұрланғандығы жөнінде жалған арыз түсіргендігі анықталды және кейін бірнеше рет куәгерлік жауаптарын өзгерткен. Жол белгілерінің ұрланбағандығына байланысты полиция қылмыстық істі тоқтатты», — деді баспасөз қызметінде.

Әдеп бойынша кеңес этика нормаларын бұзған бөлім жетекшісін тәртіптік жауапкершілікке тартып, қатаң сөгіс жариялауға ұсыныс беруге шешім қабылдады.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/sko-da-sheneunik-adep-normalaryn-buzgany-ushin-katan-sogis-aldy_a3643834”

Scroll to Top