22.10.2017

Қытайда еш себепсіз сотталған қазақтар тізімі


1. Акимат Имам- ҚХР МОРИ ауданы, мешіт салдырғаны үшін өзін өзі өлтірді деп түрмеде сақшылар өлтірген.
2. Өмірзақ Мақан- 1980 ж туылған, ҚХР БАРКӨЛ ауданы, екі інісін қамағанда артынан сұрап барған кезінде жергілікті полиция қызметкерлері ұрып өлтірген.
3. ЗЕЙНОЛЛА РАҚЖАН - 1963 ж, ҚХР БОРАТАЛА АРАСАН ауданы, Қазақстан тыңшысы деген жаламен 13 жылға сотталған. Сөйтіп жалғасты тағы бір жыл қосылған.
4. ҚАСЫМБАЙҰЛЫ ЖАРҚЫНБЕК- 1961 ж, ҚХР БОРАТАЛА қаласы, Қазақстанға балаларын жібергені үшін және көп келгені үшін 10 жылға сотталған.
5. ҚАБЫЛ ИМАМ - 1955 ж, ҚХР ҮРІМЖІ ауданы, Қазақстаннан қазақша діни кітаптар алғаны үшін 8 жылға сотталған.
6. МАНАТ- ҚХР КӨКТОҒАЙ, Қазақстандағы туыстарымен сөйлескені үшін 10 жылға сотталған.
7. БАҒДАЛ ЖЕҢІСХАН - 1963 ж, ҚХР ҮРІМЖІ ауданы, көші- қон топтарында елді қазақстанға көшу керек деп үгіттеген желеумен 10 жылға сотталған.
8. ДӘУІТХАН ТЕРГЕСІЗ -1973 ж, ҚХР БОРАТАЛА АРАСАН ауданы, Қазақстанға көшпекші болғаны үшін 12 жылға сотталған.
9. БЕРІКХАН ДОЛАНХАН - 1960 Ж, ҚХР ДӨРБІЛЖІҢ ауданы, Ислам діні бойынша неке оқыған үшін 10 жылға сотталған.
10. САЛЫҚҰЛЫ САРҚЫТЖАН -1978 Ж, ҚХР МОРИ ауданы, Қазақстан және Түркияға барғаны үшін 10 жылға сотталған.
11. КӘКЕНҰЛЫ ҚҰРМАНБЕК- 1979 Ж, ҚХР ШӘУЕШЕК ТОЛЫ ауданы, көші-қон топтарында болғаны үшін 10 жылға сотталған.
12. ЕРСІН БЕКЗАТ - 1982 Ж, ҚХР ШӘУЕШЕК, ДӨРБІЛЖІҢ ауданы, Қазақстандағы туыстарымен сөйлескені үшін 10 жылға сотталған.
13. АНАРБЕКҰЛЫ КЕНЖЕБЕК - 1986 Ж, ҚХР БОРАТАЛА ҚАЛАСЫ ДАЛДЫ АУЫЛЫ, Қазақстанға көп барғаны үшін Қазақстан тыңшысы деген жаламен 10 жылға сотталған.
14. СЕРІК ЕРКЕШ - 1987 Ж, ҚХР ҚОРҒАС АУДАНЫ , Қазақстанға көшпекші болғаны үшін 5 жылға сотталған.
15. МҰРАТҚАНҚЫЗЫ САЛТАНАТ - 1996 ҚХР ЖЕМЕНЕЙ АУДАНЫ, Қазақстанда оқығаны үшін 2015 жылдың мамырынан бастап түрмеде мерзімсіз отыр.
16. ӨМІРӘЛІ БЕКЕН - 1972 Ж, ҚХР ҮРІМЖІ ҚАЛАСЫ, Қазақстан азаматы- 2017 жылдың наурызынан бастап еш себепсіз түрмеде отыр.
17. ҚАЛҚЫМАН МАҒАЗ - 1984 Ж, ҚХР АЛТАЙ КӨКТОҒАЙ АУДАНЫ, інісі Түркияда оқып Қазақстанға барғаны үшін 1 жылға сотталған.
18. АРЫНҒАЗЫҰЛЫ САНАТ - 1981 Ж, ҚХР АРАСАН АУДАНЫ, Көші-қон тобында болғаны үшін 2017 жылдың маусым айынан бері түрмеде отыр.
19. КЕНЖЕБОЛАТҚЫЗЫ АЛТЫНГҮЛ -1997 Ж, ҚХР ЖЕМЕНЕЙ АУДАНЫ , медресседе оқығаны үшін 2017 ж сәуір айынан бері түрмеде отыр.
20. ЕРМЕК МҮСЛІМҰЛЫ - 1983 Ж, МОРИ АУДАНЫ, ДҰҢШЫҢ ҚАЛАШЫҒЫ ЖИШЛАҢ ҚЫСТАҒЫНДА, себепсіз 2017 жылдың сәуір айынан бастап қамауда отыр.
21. ДОСАН БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ -1987 Ж, ҚҰЛЖА АУДАНЫ, медресседе оқығаны үшін 2017 жылдың наурыз айынан бастап қамауда отыр.
22. САҒЫНЫШ МЕЙРАМБЕКҰЛЫ - 1981 Ж, ҚХР АРАСАН АУДАНЫ, Қазақстанға көшу ойы болған деген сылтаумен 2017 жылдың маусым айынан бастап түрмеде отыр.
23. ОҚАН ИМАМ -1968 Ж, ҚХР ҚАБА АУДАНЫ, мешітте уағыз айтып неке қиғаны үшін 10 жылға сотталған.
24. СЕРІК ҚАЛИБЕК -1975 Ж, ҚХР ЖЫҢ АУДАНЫ, қазақстанға көшу ойы болған деген сылтаумен 2017 жылдың мамыр айынан бастап түрмеде отыр.
25. МЕЙРАМБЕК БЕКЕН-1980 Ж, ҚХР АЛТАЙ ҚАЛАСЫ, Қазақстанға көшу ойы болған деген сылтаумен 2017 жылдың маусым айынан бастап түрмеде отыр.
26. ГҮЛЗИРА ӘУЕЛХАН -1977 Ж, ҚХР ҚҰЛЖА АУДАНЫ, Қазақстанға көшу ойы болған деген сылтаумен 2017 жылдың маусым айынан бастап түрмеде отыр.
27. НҰРЖАН АХМЕТЖАН ИМАМ - 1980 Ж, ҚХР НІЛҚА АУДАНЫ, мешітте заңды түрде имам болып қызмет істегені үшін 4 жылға сотталған.
28. ҚУАНЫШ ИМАМ-1975 Ж, ҚХР МҰҢҒЫЛКҮРЕ АУДАН, мешітте заңды түрде имам болып қызмет істегені үшін 8 жылға сотталған.
29. КЕНЖЕБАЙ ӘЛИХАН ИМАМ - 1972 Ж, ҚХР КҮНЕС АУДАНЫ , мешітте уағыз айтып неке оқығаны үшін 5 жылға сотталған.
30. НҰРЛЫБАЙ ҚОҢЫРБАЙ ИМАМ -1974 Ж, ҚХР ЖЕМЕНЕЙ АУДАНЫ, мешітте уағыз айтып намаз үйреткені үшін 10 жылға сотталған.
31. ТАЛҒАР (ОҚУШЫ)-1991 Ж, ҚХР КҮНЕС АУДАНЫ, Қазақстанда оқығаны үшін 2017 жылдың маусым айынан бастап түрмеде отыр.
Түйін: Қытайдағы қандастарымыздың жағдайына алаңдап, оларды осы зұлымдықтан арашалау- жер бетіндегі қазақтың иесі болып саналатын қазақ билігінің міндеті.
Abai.kz сайтынан.

Новые сверху Старые сверху

Оставить комментарий

Scroll to Top